Ақсүйек

Жаңа маусымда көрерменге жол тартқан «Ақсүйек» хабарының қатысушыларына дауыс беру басталды! Ақсүйек хабары туралы қысқаша мәлімет: Бір топ қыз-жігіттер бір сәтке қаладағы күйбің тірліктен бой жазып Сенек ауылына жол тартады. Айлы түнде ақсүйек лақтырып,сол арқылы жұптарын тапқан жастар, өзара сайысқа түседі! Яғни 5 жігіт, 5 қыздан, 5 командалық жұп шығады. Енді олар жүргізушілер берген түрлі тапсырмаларды орындауға кіріседі, Тапсырмалар әрқилы. Жігіттер жағы, ат ерттеп, шөп жинап, қи аударса, қыздар жағы түйе сауып, нан жауып, құрақ тігеді. Баға қыз-жігіттердің атқарған істерінің нәтижесіне беріледі! «Ақсүйек» хабары арқылы, қыз-жігіттерді ауыл өміріне, қол еңбегіне араластырып қана қоймай, өзара таныстық, танымдық көкжиектерін кеңейтуге мүмкіндік жасалды! Р.S түсірілім соңында жеңімпаз жұп анықталып, арнайы жүлде табысталды! Ендігі мақсат, көрермен көзайымы болған жұпты анықтау! Теледидардың ар жағындағы көрермен де қалаған, ұнаған жұбына дауыс беріп, сол арқылы, көзайым болған жұпты анықтауға мүмкіндік алады! Көрермен көзайымын бірге анықтайық!
Аққошқар мен Инабат
759
Расул мен Рухия
228
Еркін мен Айболхан
44
Нұркен мен Жұлдызай
21
Тілекқабыл мен Қаламқас
1011